Категория вопроса:
Дополнительное описание:
(не обязательно)

Қазақша резюме жазу нұсқасы

Вопрос задал: Нұржан Жексенов 2013.04.18 9:37 pm
Diablo D 2013.04.18 10:25 pm
Қазақша түйіндеме Үлгісі (қазақша түйіндеме / резюме) Соңғы жылдары түйіндеме құжаты түрі кең таралып отыр. Түйіндеме кәсіпорынға, жұмысқа қабылдау алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам түйіндеме құжатына қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор. Түйіндеме үлгісі -------------------------------------------------------------------------------------------------- Түйіндеме (Резюме) Резюме (фр. тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Активные пользователи
Ответы: 1183
Ответы: 2552
Ответы: 1282
Ответы: 1201
Как я могу получить баллы?
Лучший ответ 10 баллов
Ответ 2 балла
Задать вопрос -2 балла

Интересное на NUR.KZ

© ТОО "Интернет портал Нур", 2012. Все права защищены.

Республика Казахстан, 050010, г. Алматы, пр. Достык 210(уг. Аль-Фарабы)

Тел.:+7(727)262 30 15Тел.:+7(727)295-45-49эл. почтаinfo@nur.kz

  • megaline.kz
  •